Атырау, 25 қараша 23:51
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 736 теңгені құрады

1 865 просмотра

2014 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 736 теңгені құрады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика Министрлігі статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 5,9%-ға, 2013 жылғы тамызбен – 7,2%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 16,4%, нан және жарма өнімдерін – 7%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2%-ды құрады. 


Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Дереккөз: BAQ.KZ

5 қыркүйек 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.