Атырау, 25 қараша 23:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұрат Оспановты тұтқындау мерзімі қазанға дейін ұзартылды

1 819 просмотра
Қайта жасақтауға ұшыраған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановты тұтқындау мерзімі қазан айына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының 2014 жылдың 26 тамыздағы қаулысымен Оспановты тұтқындау мерзімі 2014 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды", - делінген "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің сауалына қайтарылған жауапта.

Мұрат Оспанов осы жылдың 1 шілдесінде аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. 3 шілде күні сот оны тұтқындауға санкция берді. Қаржы полициясы Оспановқа табиғи монополиялар субъектісіне қорған болу және жәрдем беру үшін одан 300 мың доллар сомасында пара алды деген айып тақты. Күдікті тергеу уақытша ұстау орталығынан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Айта кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қазір ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрамындағы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті болып қайта құрылған еді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

5 қыркүйек 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.