Олжас Құдайбергенов. Фото: kursiv.kzАстана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов қазіргі таңда ұлттық валюта бағамы Т179-182/$1 аралығында құбылып тұрады деп санайды.
«Бұрынғы тәжірибемізден 2010 жылдың ақпанынан мысал келтіруге болады, ол кезде де бір жылдан кейін Ұлттық банк 150 теңге +/-3% дәлізінен, 150 теңге +10%/-15% (+15 тенге/-22,5 тенге) дәлізіне көшіру туралы шешім қабылдаған боалтын. . Осындай кең дәлізге қарамастан теңге бағамы 146-147 теңге / $1 аралығында бекіді. Бұрынғы тәжірибені және ағымдағы жағдайды ескере келе, мен қазір теңге бағамы 179-182 теңге аралығында болады деп ойлаймын», - деді О. Құдайбергенов Facebook-тегі өз аккаунты арқылы.
Бұл ретте ол РФ-дағы инфляцияны ескеру қажеттігін атап өтті.
«Ресейдің жалғыз сауда әріптес емес екендігін түсіну керек, және тек рубль бойынша динамика жасау да жеткіліксіз (оның үстіне ол жақтан келетін импорт та биыл жыл басынан бері 23%-ға төмендеді) - осыған ұқсас динамика сыртқы саудадағы 3-4 ірі әріптес-елдерде орын алуы керек. Әлбетте, мұның бәрі келесі жылдың аяғына дейін бола қоюы неғайбыл (ал ары қарай қалай болатынына келесі жылдың жазында ғана болжам жасауға болады), сондықтан рубль бойынша болар-болмас құбылуларды елемеуге болады», - деп толықтырды кеңесші.
О. Құдайбергенов Ұлттық банктің теңге тербелісі дәлізінің тек Т185 +/-Т3-тен, Т185 +3/-Т15 дейін құбылу мүмкіндігі туралы «бүгін ертеңгісін ғана түсініктеме беру құқығына ие болғанын» жеткізді.
Хабарланғандай, ҚР ұлттық банкі теңге бағамының тербеліс дәлізін осы аптада өзгерту туралы шешім қабылдамақшы.
«Біз қазір талқылап жатырмыз, бәлкім қолданыстағы дәліз - плюс-минус 3 теңге – кеңейтілетін шығар: ол бір жағында плюс 3 болып қалады да 185 теңгеден, екінші жағында біз оны минус 15-ке дейін кеңейтетін шығармыз. Сонда 181, 180 және 170 болуы жағдайға қарай орын алатын шығар», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күні ислам қаражаты бойынша IV конференция барысында.
Оның айтуынша, «бүгінгі бағам - 185 теңге ($1 - ҚазТАГ) плюс-минус 3 теңге - ол ресейлік рубльдің 40-42 ($1 – ҚазТАГ) бағамына сай келеді».
«Тамыз айында АВР $27,7 млрд-қа дейін өсті, сондықтан біз теңгені нығайту кеңістігі бар деп есептейміз», - деді Қ. Келімбетов.
«Біз осыған қатысты шешімді осы аптада қабылдамақшымыз», - деді ол. Сондықтан Ұлттық банк теңгенің қазіргі бағамын тежеп тұрмайды деді ол.
«Біз ешнәрсені ұстап тұрған жоқпыз», - деп ол қадап айтты.
Сонымен қатар Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңге бағамын ұстап тұруға бағытталған қаражат сомасы айтарлықтай көп емес, деді ол.
Дереккөз: ҚазТАГ