Атырау, 25 қараша 23:42
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтөбелік бойжеткен Интернетте сөз салған жігітінің қолынан өлді

2 468 просмотра

Нұрханым Сарина. Фото марқұмның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.Нұрханым Сарина. Фото марқұмның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.Ақтөбеде 20 жастағы бойжеткен әлеуметтік желіде сөз салып жүрген ер адамының қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды "Эврика" басылымы.

Қыз Алматының 34 жастағы тұрғынымен "Mail.ru агент" желісінде танысып, сөйлесіп тұрады. Ер адам оған ғашық болып, қызбен кездесу үшін Ақтөбеге арнайы келеді. 29 тамыз күні олар қыздың Жанқожа батыр көшесіндегі үйінің жанында кездеседі.

Ер адам алғашқы кездесуде-ақ қызға өзіне күйеуге шығуға ұсыныс айтады. Бірақ бойжеткен бұған қарсы болады. Сол кезде ашуланған ер адам жанжалдаса кетіп, ақыры қыздың жүрек тұсына 20 рет пышақ салып тынады.

Қанды оқиғадан соң ер адам Ақтөбенің 11-ықшамауданына барып, пәтер жалдайды да, 25 қабатты үйдің 20-қабатынан төменге секіріп кетеді.

Қыздың ер адамның қолынан өлгенін оның тоғыз жастағы інісі көріп қалған. Полицейлерге қылмыс туралы әңгімелеп берген сол. Алдын ала мәліметке қарағанда, қылмыскер - Өзбекстан азаматы.

Жергілікті "Диапазон" газетінің нақтылауынша, марқұмның аты-жөні - Нұрханым Сарина. "Нұрханымның жаназасына 600-ден астам келді, сыныптастары, достары бар. Біз оны өлтірген адам туралы ештеңе білмейміз, оның қайтыс болғанын ғана білеміз, полиция бізге ештеңе айтпады. Бұл оқиға болған күні қыздың әкесі үйде жоқ еді, ер адам үйге терезеден кірген", - дейді қыздың туыстары.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қыркүйек 2014, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.