Фото: ИА Новости-КазахстанАқтау. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында радиоактивті цезий-137 бар жоғалған контейнерді тапқанға Т1,5 млн сыйақы беруге уәде беруде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Радиоактивті цезий-137 бар жоғалған контейнерді тапқан адамға Т1,5 млн сыйақы беруге кепілдік беріледі», - делінген радиоактивті контейнерді іздестіру бойынша жедел штабтың ресми хабарында.
Цезий-137 бар контейнерді іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. ҚР ІІМ ұлттық гвардиясының 6656 әскери бөлімінің 70 жауынгері Маңғыстау ауданының Шетпе ауылынан бастап Бейнеу ауданының Опорный ауылына дейінгі аралығындағы көлік жолын (ұзындығы 300 км) жаяу аралап шықты.
Аудандарда сондай-ақ, радиоактивті контейнерді іздестіру бойынша жедел штаб құрылды. Аудан тұрғындарының үйлері араланып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, металл қабылдау пункттері тексерілуде, жақын маңдағы аудандарға өтіп жатқан автокөлік құралдары тексерілуде.
Цезий-137 бар контейнерді іздестірумен қазір облыстың барлық төтенше қызметі, соның ішінде төтенше жағдайлар департаменті, полиция, ҰҚКД айналысуда.
Хабарланғандай, радиоактивті заты бар құты «КамАЗ» автомобилінен Оралдан Маңғыстау облысына бара жатқанда түсіп қалған. Оқиға 27 тамыз күні Сай өтпес кентінен Шетпеге баратын жол аралығында орын алған.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 249 бабы 1 бөлімі (радиоактивті материалмен жұмыс істеу ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл істі тексерумен Маңғыстау облысы ҰҚК департаменті айналысады.
Цезий-137 – радиоактивті зат, өндіріс пен . медицинада қолданылады. Ол сонымен қатар «лас» бомба деп аталатын қару жасауда да қолданылады.Ол бомба жергілікті жердің радиоактивті ластануына әкеп соғады.
Дереккөз: ҚазТАГ