Атырау, 26 қараша 00:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР ұлттық банкі теңге бағамының тербеліс дәлізін осы аптада өзгерту туралы шешім қабылдамақшы

2 342 просмотра

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ.Қайрат КЕЛІМБЕТОВ.Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Данияр Дәуітәлиев. ҚР ұлттық банкі теңге бағамының тербеліс дәлізін осы аптада өзгерту туралы шешім қабылдамақшы, деп мәлім етті ҚР ұлттық банк төрағас Қайрат Келімбетов.

«Біз қазір талқылап жатырмыз, бәлкім қолданыстағы дәліз - плюс-минус 3 теңге – кеңейтілетін шығар: ол бір жағында плюс 3 болып қалады да 185 теңгеден, екінші жағында біз оны минус 15-ке дейін кеңейтетін шығармыз. Сонда 181, 180 және 170 болуы жағдайға қарай орын алатын шығар», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күні ислам қаражаты бойынша IV конференция барысында.

Оның айтуынша, «бүгінгі бағам - 185 теңге ($1 - ҚазТАГ) плюс-минус 3 теңге - ол ресейлік рубльдің 40-42 ($1 – ҚазТАГ) бағамына сай келеді».

«Тамыз айында АВР $27,7 млрд-қа дейін өсті, сондықтан біз теңгені нығайту кеңістігі бар деп есептейміз», - деді Қ. Келімбетов.

«Біз осыған қатысты шешімді осы аптада қабылдамақшымыз», - деді ол. Сондықтан Ұлттық банк теңгенің қазіргі бағамын тежеп тұрмайды деді ол.

«Біз ешнәрсені ұстап тұрған жоқпыз», - деп ол қадап айтты.

Сонымен қатар Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңге бағамын ұстап тұруға бағытталған қаражат сомасы айтарлықтай көп емес, деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ 

3 қыркүйек 2014, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.