Атырау, 26 қараша 00:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Президент Қостанай облысының шаруаларын сынады

2 245 просмотра

Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өңдеуші өндірістердің өніммен қамтылу мәселесі алаңдаушылық тудыратынын айтты.

"Ет өңдейтін зауыт салдық, ол 50%, жұмыс істейді, мемлекеттің ақшасы тиімсіз жұмсалды", - деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін қаржыландырмас бұрын мұқият есеп жүргізіп, нарықты жақсылап зерттеп алу қажеттігін атап өтті.

Кездесудің алдында президент өңірдің ауыл шаруашылығы алқаптарын аралап көрді.

Қостанай облысының әкімі Нұрлан Сәдуақасов өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қысқаша есеп берді.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қостанай облысы астық дақылдарын көп жинайтынын, оның көлемі бүкіл Қазақстан бойынша жиналатын астықтың 25 пайызын құрайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл облыс елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жетекші өңір саналатынын, соңғы 6 жылда аймақтың агроөнеркәсіп кешеніне үлкен мемлекеттік қолдау жасалғанын атап өтті.

Бұл ретте Қазақстан Президенті өңірдің осы саласындағы жағдай барлық жағынан қанағаттанарлық емес екеніне назар аударды. Бұл мал шаруашылығын дамытуға кесірін тигізетін, астықтың бір ғана түрінің сақталуына да қатысты. Сонымен қатар, үлкен жайылымдық алқаптар бола тұра, олар тура мақсатында жартылай ғана пайдаланылады.

"Облыстың әлеуеті ірі қара мал санын бүгінгі 400 мың бастан 1,5 миллионға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев облыста ылғал сақтау технологияларын енгізу мен егістікті әртараптандырудан тиісті нәтиже байқалмайтынын да атап айтты.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін қаржыландырмас бұрын мұқият есеп жүргізіп, нарықты жақсылап зерттеп алу қажеттігін айтты.

Елбасы сондай-ақ Арқалық қаласын дамытуға көңіл бөлу қажеттігіне, жаңа теміржолдың ашылуына байланысты ол үшін жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындары пайда болып жатқанына тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы өңірде ауыл жастарын жұмыспен қамтумен айналысу қажеттігін айтты.

"Егер жастар ауылда қалып, жұмыс істегісі келсе, оларға шаруашылықпен айналысуды үйрету керек", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелерді - өлім деңгейінің жоғарылығын, өңірдегі өкпе ауруының көптігін, ауыз сумен және мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: Қазақпарат

3 қыркүйек 2014, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.