Атырау, 26 қараша 00:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды қысқартпайды- Назарбаев

1 420 просмотра

© РИА Новости, // Алексей Никольский© РИА Новости, // Алексей НикольскийАСТАНА, 2 қыр –Қазақстан жаңалықтары АА. Қандай жағдай орын алмасын, Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді еш қысқартпайды деп мәлімдеді  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ресейге қатысты және Ресейдің батысқа қарсы санкциялары да Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Біз ондай қысымдардан айналып өте алмаймыз. Дегенмен, Үкімет бүгінгі күні бұл мәселемен барынша айналысуда. Орын алуы  ықтимал оқиғалардың бірнеше нұсқасы, біздің «жауаптарымыз» болуы шарт. Дегенмен, Қазақстан үшін «қорқынышты» ешнәрсе жоқ, бізде орнықтылық бар, мүмкіндігіміз, тиісті резервтер жеткілікті. Үкімет экономика дамуының оптимистік және пессимистік сценарийлерін, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктер әзірлеп жатыр. Жалпы, дамудың қандай сценарийі орын алмасын, Үкіметке мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыруды еш қысқартпау туралы тапсырма жүктелді. Бұл үшін, халықтың  орнықты әл-ауқатын қамтамасыз етуде бізде қажетті  ресурстар баршылық», - деді Елбасы 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.

«Тұтқиылдан пайда болатын тәуекелдерді, геосаясаттың өзгеруін, сонымен бірге туындайтын жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, экономикалық саясатты қалыптастыруға тиіспіз. Ең бастысы қол жеткен даму деңгейін сақтап қалу, өндірістік құлдыруды болдырмау, жұртшылықтың әлеуметтік көңіл-күйін түсіруге жол бермеу маңызды. Бұл орталық органдардың ғана емес, барлық деңгейдегі әкімдіктердің маңызды міндеті болмақ», - деді президент.

Дереккөз: newskaz.kz

2 қыркүйек 2014, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.