Фото: akorda.kzАстана. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке төлем жасау комитеті міндетті медициналық сақтандыру қорына ауыстырылады, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«2017 жылдан бастап денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке төлем жасау комитетін ауыстыру, міндетті медициналық сақтандыру қорын құру керек. Алда бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аталмыш қордың базасы болады», - деді Н. Назарбаев сейсенбіде парламент палаталарының біріккен отырысы барысында.
Дереккөз: ҚазТАГ