Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Ауыл шаруашылығы бұрынғы вице-министрі Мүслім Өмірияевке қатысты сот отырысы басталды. Сотқа судья Ербол Рахымбеков төрағалық етуде.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 21 желтоқсанда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жетуге көмектескені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі М.Өмірияевті ұстады.
Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты қылмыстық іс бойынша берілген материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрін қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Қаржы полициясы агенттігі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Өмірияевке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.
Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков журналистерге берген сұхбатында өзiнiң орынбасары Мүслiм Өмiрияевтың сыбайлас жемқорлық фактiсi бойынша кiнәсi дәлелденсе, өз қызметiн босатуға даяр екенiн мәлiмдеген болатын.
Дереккөз: bnews.kz