Атырау, 26 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаевтың Путинге «жауабы» көп жазылды

2 067 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен амандасып тұр. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен амандасып тұр. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен амандасып тұр. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен амандасып тұр. Шанхай, 20 мамыр 2014 жыл.

Ресейдегі көптеген танымал бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыздың 30-ы күні Астанада «Хабар» телеарнасына берген сұқбатында Ресей және Беларусьпен бірігіп құрған, Мәскеу басқаратын Еуразия экономикалық одағынан (ЕЭО) өз елінің шығуы мүмкін екенін мәлімдегенін хабарлады.

Ресейлік БАҚ президент Назарбаевтың «Астана ешқашан Қазақстанның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін ұйымның құрамында болмайды» дегенін жазысты.

Бірақ кейбір БАҚ Қазақстан президенті мәлімдемесін Ресей президентінің 29 тамызда өткен «Селигер-2014» бүкілресейлік жастар форумында айтқан сөзімен байланыстырмағанын жазады. Ол форумда Украинадағы дағдарыс жағдайында Қазақстан жайлы сауалға жауап берген Владимир Путин: «Ол (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтардың ешқашан мемлекеттілігі болмаған еді» деген.

Ресей оппозициясының кейбір өкілдері Путиннің бұл мәлімдемесін сынаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

2 қыркүйек 2014, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.