Атырау, 26 қараша 00:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Астанада жолақы құны аялдама санына байланысты белгіленеді

1 932 просмотра

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz Астанада қоғамдық көлікпен жүруді қолайлы әрі тиімді ету үшін келер жылы арнайы пластик және қағаз карта көмегімен жұмыс істейтін электронды жолақы төлемі жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы astana.kz сайтына хабарлады. Бұл ретте жолақы құны аялдамалардың санына байланысты белгіленеді.

Мысалы, қазіргі кезде жолаушылар ақшаны үнемдеу мақсатында ұзақ жүретін бір бағдардағы автобусқа отырса, электронды жолақы төлемі жүйесі енгізілген соң, олар артық ақша жұмсамай, бірнеше маршрутпен жол жүре алады. Карталардың негізгі 4 түрі болады. Дербес пластикалық карта зейнеткерлерге, мүгедектерге, оқушыларға және студенттерге, ал қарапайым пластик карта қала тұрғындарына арналған. Бұл өзіндік электронды әмиян іспетті, оны әртүрлі жолдармен толтырып отыруға болады. Үшінші түрі – бірнеше сапарға алдын ала сатып алынған қағаз жол жүру билеті.

Бұл қала қонақтары үшін тиімді. Ал төртіншісі әдеттегі қағаз билет. Оны қолма-қол ақша төлеу арқылы автобус жүргізушісінен сатып алуға болады. Жоба 2015 жылы жазда іске қосылады. Электронды жолақы төлемі жүйесі бірінші кезеңінде Астана қаласының жолаушылар автобустарында, содан кейін BRT жедел жүретін автобустарда да енгізілмек.

Дереккөз: 24.kz

29 тамыз 2014, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.