Фото: mgorod.kzОралда 28 тамыз күні күндіз жанармай құю бекеттерінде шақырымдарға созылатын кезек пайда болды, - деп хабарлайды "Мой Город" және "Уральская неделя" басылымдары. Көлік отыны тек бірнеше бекетте ғана талонсыз сатылды. Сол себепті ол бекеттердің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Кейбіреулер кезекке таң қылаң бергеннен тұрған.
"Мен үш сағат бойы кезекте тұрмын. Менде талон жоқ, мына адамдардың бәрінде талон жоқ, бірақ жанармайды сататын шығар деп үміттенеміз. Кезекте тұрғанда бір жігіттер АИ-92 бензиніне 200 теңгеге талон сатып алуды ұсынды, егер жағдай өзгермесе, амал жоқ, аламыз", - дейді жүргізушілердің бірі.
"Жеріміздің астының бәрі байлық, мұнай мен газға бай елде жанармай тапшы. Бұл масқара ғой. Мен бағаны Ресеймен бірдей деңгейге жеткізгелі жатыр деп естідім. Әуелі жалақыны көтерсін", - дейді тағы бір жүргізуші.
"Дүрлігу қолдан жасалды деп есептеймін. Бізді жанармайдың қымбаттауына осылайша әзірлеп жатыр әдейі", - дейді күйеуімен бірге кезекте тұрған Ольга.
"Бәріне үкімет пен мемлекеттік сатып алулар кінәлі. Биыл бізде Ресейден отын әкелуге квота аз деп естідім, ал көліктердің саны көбейіп жатыр, сондықтан квотаны арттыру керек. Негізі, Қазақстанда жанармайды көп өндірген дұрыс", - дейді келесі бір жүргізуші.
Дереккөз: tengrinews.kz