Фото: dknews.kzАстана. 29 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілді.. Үкіметтің ағымдағы жылдың 31 шілдесіндегі тиісті қаулысы ресми басылымда жарияланды.
«(…)Қазақстан Республикасының үкіметі Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 68-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Металлургтер мәдениет үйі, сәулетші Л.И. Маковеев, 1957 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру туралы қаулы етеді және ол Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілсін», - делінген құжат мәтінінде.
Сонымен қатар Қызылорда облысындағы «Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаевтың мүсіні орталық алаңдағы «Қызылорда облысының құрметті азаматтары» аллеясына ауыстырылсын.
Сондай-ақ, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша орналасқан «А. Иманов 1916 жылғы көтерілістің қолбасшысы болып тағайындалған тұрғын үй, Шебер Аймағамбет- ұста XX ғ. басы» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылды және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылды; Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 70-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Тұрғын үй, XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басы» жергілікті маңызы бар тар их және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Қостанай облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылды; Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 3а-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Эвакуациялық госпиталь ғимараты, 1938 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылды және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылды; Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Абай атындағы кітапхана ғимараты, 1976 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылды және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылды.
Семей қаласында орналасқан «Еңлік-Кебек» кинотеатры жергілікті маңызы бар тарих жэне мэдениет ескерткіші мәртебесінен айырылды, жергілікті маңызы бар тарих жэне мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылды; Семей қаласындағы «Мұғалімдер үйі (Қытай консулдығы), 1900 жыл» жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылды және Шығыс Қазақстан облысының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылды.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Дереккөз: ҚазТАГ