Атырау, 25 қараша 22:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Газпром мұнай – Қазақстан» ЖШС жанар май құю бекетінің бұрынғы басшысы 14,2 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

2 559 просмотра

АСТАНА, 29 там –Қазақстан жаңалықтары АА. Оңтүстік Қазақстан облысында «Газпром мұнай – Қазақстан» ЖШС жанар май құю бекетінің бұрынғы басшысы  14,2 миллион теңгеден астам қаражат  жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Ордабасы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Соттан хабарлағандай, «Газпром мұнай – Қазақстан» ЖШС–нің бас директорының  21.06.2010 жылғы №12 санды бұйрығы негізінде азамат Б.А ОҚО Ордабасы ауданы Төреарық ауылында орналасқан № 203 санды жанар май құю бекетінің басқарушысы қызметіне қабылданған.

« 2014 жылдың 1- маусым мен 1- шілде аралығында ол осы қызметті атқарып жүріп, бір ай көлемінде сатылған жанар майдан түскен 12 947 093 теңгені инкасацияға өткізбей, иемденіп алып, ЖШС-тің өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі, яғни жалпы жиыны 14 230 023 теңгені өзі иемденіп, ысырап еткен»,-делінген хабарламада.

«Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басқару қызметін атқару құқығынан 3 (үш) жылға айыра отырып, 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,-деп қорытындылады соттан.

Дереккөз: newskaz.kz

29 тамыз 2014, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.