Атырау, 25 қараша 22:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шымкентте бойжеткен түнгі клубқа кек алу мақсатында «жарылғыш зат қойған»

1 979 просмотра

АСТАНА, 29 там –Қазақстан жаңалықтары АА. Оңтүстік Қазақстан облысында бойжеткен түнгі клубқа кек алу мақсатында «жарылғыш зат қойған» деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қвызметінен.

«Ағымдағы жылдың 24 тамызында түнгі сағат 00-40-та Абай ПБ-нің кезекші бөліміне белгісіз тұлға қаладағы түнгі клубтарының бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер, оқиға орнын қоршауға алды»,-делінген хабарламада.

Ведомстводан хабарлағандай, полицейлер қауіпсіздік сақтау шараларын қарастырып клуб ішінен 100 жуық адамдарды және ойын-сауық орнына жақын қойылған автокөліктерді қауіпсіз маңға шығарды. Екі сағат бойы «Арлан» жасағының саперлері клуб ғимаратын тексерді. Қарау нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Хабарлама жалған болып шықты. ОҚО ІІД ЭҚКБ-мен Абай ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлерінің бірігіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, Шымкент қаласының 1988 жылы туған тұрғыны ұсталды.

Күдікті қыз кінәсін мойындады. Бүгінде күдікті қамауға алынып, оның үстінен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 242 бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті азаматшаның айтуынша, ол оқиғадан бұрын клуб әкімшісімен жанжалдасып қалған. Кек алу мақсатында күдікті азаматша осындай әрекетке барғандығы тергеу кезінде анықталды»,-деп қорытындыланды ведомстводан.

Дереккөз: newskaz.kz

29 тамыз 2014, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.