Атырау, 25 қараша 22:42
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тоқаев өз фотосының Ren TV-дан көрсетілуіне қатысты ойын айтты

2 297 просмотра

Фото: nashagazeta.chФото: nashagazeta.chҚазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнадан өз фотосуретінің көрсетілгені жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ren TV бағдарламасында менің фотосуретімнің орынсыз берілгені - журналистердің әдеттегі алаңғасарлығы, басқа теріс ниет көріп тұрған жоқпын", - деп жауап жазды ол Twitter-аккаунтында өзіне сұрақ қойған қолданушыға.

26-27 тамыз күндері ресейлік журналистер "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан қазақстандық бизнесмен туралы сюжетте ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретін қателесіп көрсеткен еді. Сюжетте күдіктінің Мәскеудің 55 жастағы тұрғыны екені айтылады. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті көрсетілді, ал кадр сыртындағы жүргізуші "Міне, мынау - астананың 55 жастағы тұрғыны Жомарт Қаменов" деді.

Сюжетте айтылған оқиғаның өзі 22 тамызда болған. Оқиға орнына шақырту бойынша келген дәрігерлер бригадасы Rolls-Royce автокөлігінің жолын бөгеген. Шетелдік көліктің иесі жанжал шығарып, "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан. Rolls-Royce қожайынына бірнеше ер адам көмекке келеді. Олардың әрекетінен жүргізушіге араша түскен фельдшер де соққы жеді. Журналистер "қазақстандық бизнесменнің үйіне милицияның жиі келетінін" айтты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретіне қатысты оқиғамен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі айналысып жатқанын хабарлады. Елшілік Ren-TV телеарнасына хат әзірлеп қойған. "Мәселенің мән-жайын түсіндіріп беруді, егер сондай қателік жіберілсе, оны жоққа шығаруды сұраған хат жазылды", - деді СІМ баспасөз хатшысы.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 тамыз 2014, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.