Фото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА, 28 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан үкіметі республиканың ЖІӨ нақты өсімі таяу бес жылда 5-6,8% дәлізінде болады деп болжауда, деп хабарлайды республиканың ұлттық экономика министрлігі үкімет мақұлдаған еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сілтеме жасап.
«ЖІӨ-нің нақты өсуi 2015 жылы 5,0%-ды, ал 2016 жылы 5,6%-ды, 2017 жылы 6,8%-ды, 2018 жылы 5,8%-ды және 2019 жылы 6,5%-ды деңгейде болады деп күтіліп отыр»,-делінген хабарламада.
Хабарламаға сәйкес, елдің 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеген кезде экономика салаларының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы даму қорытындылары, мемлекеттік органдардың 2015 – 2019 жылдарға арналған өндірістің негізгі өнім түрлерінен күтілетін көлемдер бойынша деректері және әлемдiк экономиканың өсуi мен негізгі экспорт тауарларына әлемдік бағалар бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ескерілді.
Номиналды ЖІӨ 2015 жылы 45 трлн. теңгеден 2019 жылы 72,8 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда.
Ұлттық Банк инфляция деңгейін кейін орта мерзімді кезеңде 5-7% денгейіне дейін төмендеуімен 6,0-8,0% шегінде жоспарлап отыр.
Хабарламада айтылғандай, орта мерзімді кезеңде әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары мыналар болып айқындалды, олар - макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;қоғамды әлеуметтік жаңғырту;өңірлік даму және урбанизация процесін басқару;мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі қалыптастыру;халықаралық интеграциялау.
Макроэкономикалық болжам мен экономикалық саясат басымдықтарының негізінде 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері әзірленді.ЖІӨ-нің болжанып отырған өсуі мен импорттың көлемін ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2015 жылы 4 338,4 млрд. теңге, 2016 жылы 4 753,5 млрд. теңге, 2017 жылы 5 147,7 млрд. теңге деңгейінде болжанады.
Дереккөз: newskaz.kz