Атырау, 6 желтоқсан 06:26
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абдулла Гүлмен кездесті

1 515 рет қаралды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анкара қаласына жұмыс сапарымен барды. Ертең Елбасы тұңғыш рет жалпы халық таңдауымен сайланған Президент Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

Түрік мемлекеті – Қазақстан азаттық алған алғашқы жылдардан-ақ тату қарым-қатынас орнатқан ел. Қазіргі экономикалық көрсеткіштерді екі есе көбейтіп, болашақта өзара сауда-саттықты он миллиард долларға жеткізу жоспары бар.

Бұл мәселелер бүгін Анкарада кездескен екі Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүл арасындағы әңгімеге де арқау болды. Тараптар соңғы жылдардағы қарым-қатынастар мен екіжақты ынтмақтастықтың негізгі аспектілерін сөз етіп, Нұрсұлтан Назарбаев Абдулла Гүлге Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Дереккөз: 24.kz

28 тамыз 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.