Атырау, 25 қараша 22:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы экономикалық соты «Гүлнәр тур» компаниясын лицензиясынан айырды

2 141 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары АА. Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.

Астана. 28 тамыз, ҚазТАГ – Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Гүлнәр тур» туристік компаниясын лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм департаментінің баспасөз қызметінен.

«2014 жылдың 22 тамызында Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ашық сот отырысында аталмыш шағым бойынша азаматтық істі қарай келе, «Гүлнәр тур» ТК» ЖШС лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда. 

Еске салсақ, бұған дейін ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті сотқа «Гүлнәр тур» ТК» ЖШС-ны туроператорлық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы шағым жолдаған еді.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 6 тамыздағы жарлығына сәйкес индустрия және жаңа технология министрлігі инвестиция және даму министрлігі болып қайта құрылды. Салалық комитет департамент болды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

28 тамыз 2014, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.