Атырау, 6 желтоқсан 06:28
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жазасын өтеушінің күндік шығыны 537 теңгені құрайды

3 957 рет қаралды

Астана. 27 тамыз. Baq.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру туралы» тақырыбында баяндама жасап, журналистер сауалына жауап беру барысында Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Сотталғандардың тамақтану нормасы сапалық тұрғыдан екі рет қаралып, әрбір тұтынылатын азықтағы энергетикалық құндылығы мен тамақ тығыздығының сапасы артқан. 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес біз сотталғандардың жасақтық-барақтық қамаудан камералық ұстауға ауыстыру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Ал осы күнгі белгіленген тарифке сәйкес, елімізде бас бостандығынан айырылған жандарды түрмелерде ұстаудың күндік шығыны 537 теңгені құрайды, - деді Т. Жәнібеков.

Оның айтуына қарағанда, соңғы кездері Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың коммуналды-тұрмыстық жағдайы жақсара түскен көрінеді.

Дереккөз: baq.kz

27 тамыз 2014, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.