Атырау, 27 желтоқсан 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Ақтауда баланың үстіне балконнан теледидар лақтырған адам ұсталды (ВИДЕО)

2 455 рет қаралды

Ақтауда баланың үстіне терезеден теледидар лақтырған 42 жастағы азамат ұсталды. Теледидар баланың үстіне түскенін ол тергеушілерден бір-ақ естіпті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен төменде тұрған қоқыс контейнеріне лақтырдым. Әдетте ол жерде ешкім болмайтын», - деді ол.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факті бойынша ҚР ҚК 111 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізге саламыз, оқиға 23 тамызда Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде орын алған. Оныншы қабаттан лақтырылған теледидар 4 жасар бүлдіршіннің үстіне құлап, жабық бас-ми жарақатын алған бала жан сақтау бөліміне жеткізілді. Бір тәулік бойы Ислам Қатаев ес-түссіз жатты. Қазір оған дереу арада қан құю қажет. 

Дереккөз: bnews.kz

27 тамыз 2014, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.