©2000.uaҚазақстанда 2014 жылы 160-қа жуық сотталған адам қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистердің биыл түзеу мекемелерінде қанша адам қайтыс болды" деген сауалына Жәнібеков "Биыл - түрлі аурулары бар 160 адам, көрсеткіш үш-төрт жыл ішінде 22%-ға азайды", - деп жауап берді. Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі өлім-жітім көрсеткішімен бірге, туберкулез және басқа да ауруларға шалдығу деректері 26%-ға азайған.
Жәнібек түрмеден қашу деректерінің статистикасы туралы да айтты. "Соңғы екі-үш жылда, соңғы рет 2010 жылы, сіздер білесіздер, Ақтауда жаппай қашып кету жағдайы болды, содан кейін қашып кету деректері болмады. Әрине, қоныс-колония аталатын ашық аймақтарда, жаза өтеуден жалтару жағдайлары болып тұрады. Биыл мұндай мекемелерде 25-ке жуық сотталған адам жаза өтеуден жалтарған, яғни олар күндіз жұмыс істеп, түнде жатақханада болуы қажет - ал кейбіреулер кешігіп қалып немесе арақ ішіп қойып жатады. Жаза өтеуден жалтару деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды, кінәлілердің бәрі ұсталып, түзеу колонияларына қайтарылды", - дейді ол.
Дереккөз: tengrinews.kz
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/events/biyil-turmelerde-160-ka-juyik-sottalushyi-kaytyis-boldyi-256286/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі