АСТАНА, 25 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда қазақ тілінен басқасын заңмен алып тастаса, онда Украинадағы жағдай болады деп есептейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақ тілінің қолданылуы мен өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылды. Енді ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп және тілге кедергі келтіріп отырған бір адам жоқ. Менің білуімше, біздің жазушылар, мемлекеттік қайраткерлер біздің тіліміз жұтау, тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде дамымады деп шағымданады»,-деді Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.
"Ал енді барлығын тыйып тастап, қазақ тілінен басқасын заңмен алып тастасақ, онда Украинадағы жағдай болады. Соны жасап, жұрттың барлығын басынан соғып отырып, қазақтың тіліне алып келіп, қантөгіс қылып, Тәуелсіздіктен айырылуы керек пе, әлде ептеп мәселемізді шешу керек пе? Сондықтан менің ойымша, бұл жерде сабырлылық керек",-деп қосты ол.
Сонымен қатар Президент бүгінде әлем халықтарының 70 пайызы ағылшын тілін қолданатынын, бұл ол бүгінде ақпараттың, ғылымның, білімнің тіліне айналғандығын, сондықтан еліміздің экономикасын көтеру бағытында жастар ағылшын тілін меңгеруі тиіс екенін айтты.
Дереккөз: newskaz.kz