Атырау, 25 қараша 21:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда Эрмитаждың филиалы ашылуы мүмкін

1 679 просмотра

Фото: ria.ruФото: ria.ruҚазақстанда Ресей Мемлекеттік Эрмитажының филиалын ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.

"Жуырда ғана Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі мәдени саясат тұжырымдамасын жасады, онда мұражай ісін дамытуға ерекше көңіл аударылған. Біз мұражайларымыздың ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығы болғанын қалаймыз. Көптеген халықаралық үлгі бар, бұл бағытта Ресей Мемлекеттік Эрмитажының ролін ерекше атап өткім келеді, өйткені ол - мұражай ісінің нағыз үлгісі. 7 желтоқсанда бүкіл әлем бұл музейдің 250 жылдығын атап өтеді. Қазақстанда Мемлекеттік Эрмитаждың филиалын ашу мәселесі қаралып жатыр", - деді министр ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының 10 жылдығына арналған "Қазіргі қоғамдағы мұражай. Дамудың жаңа жолдарын іздеу" атты ғылыми-практикалық конференцияда.

Тұңғыш Президент мұражайының мерейтойына орай Астанада "Әріптестер шоқжұлдызы" атты форум да өтіп жатыр. Оған мұражайдың серіктестері - дипломатиялық өкілдіктер, аймақтық мұражайлар мен мәдени мекемелер қатысып отыр.

Тұңғыш Президент мұражайында "Бізге 10 жыл!" атты фотокөрме мен белгілі ағаш шебері Нұрсұлтан Қалиевтің "Ағаш сиқыры" атты жеке көрмесі ашылған.

Мұражай директоры Алма Сағынғалидің айтуынша, Тұңғыш Президент мұражайының 10 жылдық қызметі барысында мұнда 154 көрме қойылған, оның 26-сы жылжымалы. Мекемеде мәдени-ағартушылық қызметтің барлық формасы жетілдіріліп жатыр. Мұражайға коммуникацияның түрлі бөлшектерін белсенді енгізу мұнда келушілер санының артуына септігін тигізген. 10 жыл ішінде музейді миллионнан астам адам аралап көрді. Мұражайдың аймақтарға жасалған жылжымалы көрмелеріне де миллионға жуық адам келген.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 тамыз 2014, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.