Атырау, 25 қараша 21:56
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев: Қазақстанның ЕАЭО-дан шығуға құқығы бар

1 669 просмотра

Фото: inform.kzФото: inform.kzҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егер елдің мүддесіне нұқсан келетін болса, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуға құқығы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Егер келісімшартта жазылған ережелер орындалмайтын болса, Қазақстан ЕАЭО құрамынан шығуға құқылы. Мен бұрын да айтқанмын, тағы да қайталаймын. Қазақстан біздің Тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін ұйымға мүше болмайды. Тәуелсіздік - ең басты байлығымыз", - деді Президент.

Ол Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстан мүддесі шектеледі деген пікірлердің жиі айтылатынын атап өтті. "Бұл олай емес. Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері жиналып, мәселе шешкен кезде, олардың біреуі қарсы болатын болса, онда шешім қабылданбайды. Бұл консенсус деп аталады. Егер маған олардың шешімі ұнамаса, мен қарсы боламын, сосын ол шешім қабылданбайды. Бұл - біздің бәрімізде бірдей құқық бар деген сөз", - деді Назарбаев.

"Құрамына әр елден үш адам мен премьер-министрлердің үш орынбасары кірген Еуразиялық экономикалық комиссия бар. Олар да шешімді жариялы түрде қабылдайды. Үкімет басшылары кездескен кезде олар да сөйтеді", - деді Мемлекет басшысы. 

Дереккөз: tengrinews.kz

25 тамыз 2014, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.