Атырау, 25 қараша 21:43
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕЭО-дағы барлық мәселелер тек консенсус негізінде шешілетін болады – Назарбаев

2 632 просмотра

©Тengrinews.kz©Тengrinews.kzАстана. 24 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕЭО) барлық мәселелер ондағы қатысушы тараптардың консенсусы негізінде шешілетін болады, деп хабарлады ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ресей қайта келіп, жаулап алады деп қорқатындар үшін бұл – олай емес. Мәселен, егер мәселе шешу үшін жиналған Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің бірі қарсы болса – ешқандай мәселе шешілмейді. Бұл «консенсус» деп аталады», - деді Н. Назарбаев жексенбі күні мемБАҚ-қа берген сұхбаты барысында.

Президент егер ол ЕЭО қатысушы елдерінің қалған екі президенті шығарған шешіміне қарсы келетін болса, онда оның өтпейтінін атап өтті.

«Сондықтан барлығында құқық бірдей», - деп атап көрсетті ол.

Н. Назарбаев егер ондағы мүшелік Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда ЕЭО-дан шығу мүмкіндігі туралы еске салды.

Президент Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕЭО әр қатысушы елінен үш-үш адамнан кіретінін хабарлады.

Осыған байланысты ол көрші елдермен ынтымақтастықта ашылатын мүмкіндіктерді пайдалану қажет деп санайды.

Оның ойынша, Қазақстан екі «мұхиттың» жағасында тұр: РФ мен ҚХР.

«Егер біз олармен саудаласпасақ, экономикамыз қалай өседі? (...) 17 млн адамды қашан толық қамтамасыз етеміз, әрі қарай қалай өсеміз? Егер біреу біздің өндірген тауарларды сатып алмаса, онда олар қоймада қалады, зауыт тоқтайды, ал зауытта жұмыс жасаған адамдар жұмыссыз қалады», - деді президент.

Н. Назарбаев ЕЭО экономикалық бірлестік болып табылатынын еске салды.

Бұған дейін де хабарланғандай, Астанада 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған ЕЭО туралы келісім Қазақстан, Ресей және Беларусьтың интеграцияны ілгергі тереңдету, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалуы үшін кедергілерді жою, экономиканың шешуші салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ құруы туралы келісім жасауын анықтайды. Келісім Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктен кейінгі интеграцияның келесі кезеңіне аяқ басуды тіркейді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан қызмет етуін бастайды. 2030 жылға қарайғы ІЖӨ өсімі түріндегі перспективалы интеграциялық эффекті $900 млрд көлемінде болады деп бағалануда. Еуразиялық комиссияның штаб-пәтері Мәскеуде болады, ЕЭО соты – Минскіде, ал қаржылық реттеушісі – Алматыда. 

Дереккөз: ҚазТАГ

25 тамыз 2014, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.