Фото: 24daily.netАлматы. 25 тамыз. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Газпромбанкте бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ-та жарияланған ресейлік банкінің біріккен Казкоммерцбанк пен БТА-ны сатып алуы бойынша қазіргі таңда жүргізіліп жатқан келіссөздерге түсініктеме бермеді.
Ресейлік Газпромбанкінің баспасөз қызметінің сұрақтарына уақытында жауап беру туралы уәдесі мен айлап күткеніне қарамастан ҚазТАГ агенттігі ешқандай жауап ала алмады. Бұл ретте бізді келесідей сұрақтар мазалаған еді, атап айтсақ, шындығында да Газпромбанк біріккен Казкоммерцбанк пен БТА-ны немесе Темірбанкті сатып алу туралы қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр ма? Егер солай болса, онда келіссөздер қашан басталған және олар кіммен жүргізіліп жатыр?
Ал егер қазіргі таңда ресейлік банк қандай да бір қазақстандық банкіні сатып алу туралы ешқандай келіссөз жүргізіп жатпаған болса, онда аталмыш банк болашақта қандай да бір қазақстандық банкіні немесе қазақстандық қаржылық мекемені сатып алу мүмкіндігін қарастыруда ма? Және болашақта Газпромбак қазақстандық банкі нарығына кіруге ниетті ме? Егер ниетті болса, онда қашан және қандай жағдайда оның болуы мүмкін? Ресейлік Газпромбанк үшін қазақстандық банкілік нарық қаншалықты тартымды?
Бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ-та қазіргі таңда Газпромбанк біріккен Казкоммерцбанк пен БТА банкіні сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр-мыс деген материалдар жариялған еді. Осы ақпарға сәйкес ресейлік банкінің қазақстандық тағы бір қаржылық мекеме Темірбанкті сатып алу туралы да келіссөздер болуы мүмкіндігі айтылған болатын.
Дереккөз: ҚазТАГ