Атырау, 25 қараша 21:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мысырдағы автобустардың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ

2 087 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА, 22 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде болған екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Мысырдағы екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінген ҚР СІМ-нің хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, апат салдарынан 25 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақаттанған болатын. Жол-көлік оқиғасы жұма күні Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде орын алған.

Дереккөз: newskaz.kz

22 тамыз 2014, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.