Фото. russian.rfi.frАстана. 22 тамыз. ҚазТАГ – Шетелдік бас бостандығынан айыру орындарында 2 мыңдай Қазақстан азаматы жазасын өтеп жатыр, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Бүгінде шет мемлекеттерде сотталған қазақстандық азаматтардың саны 2000 мыңнан сәл аз адамды құрайды. Олардың негізгі үлес салмағы ТМД елдеріне келеді, бірақ алыс шет елдерінде де біздің отандастарымыздың жеткілікті саны жазаларын өтеуде: ГФР – 46 адам, Корея Республикасы – 22 адам, ҚХР – 16 адам және т.б.», - делінген жұмадағы хабарда.
Осы ретте Қазақстан түзету мекемелерінде шамамен дәл сондай көлемдегі сотталған шетелдік азаматтардың бар екені атап өтілген.
«ҚР СІМ қылмыстық-атқарушылық жүйе комитетінің мәліметінше, 2014 жылдың 1 тамызында Республика түзету мекемелерінде 1966 шетелдік азамат жазаларын өтеген, оның ішінде 1912 азамат ТМД елдерінің азаматы, 54-і – алыс шетелден», - деп атап өтілген ақпараттық парақшада.
Хабарланғандай, 2014 жылдың басынан бері 30 шетелдік сотталушы өз шыққан елдеріне тапсырылды, қазақстандық 17 сотталушы отанға оралды.
«Қазақстан бас прокуратурасы қазақстандық соттарда сотталған шетелдік азаматтарды азаматтығы тиіс елдеріне, сондай-ақ жазасын елімізде өтеу үшін шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын кері аудару бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылы Қазақстан түзету мекемелері шетелде жазасын өтеп жатқан ҚР 17 азаматын қабылдап алды. Шетелдік мемлекеттерге қазақстандық соттарда үкімі кесілген 30-дан астам шетелдік табысталды», - делінген хабарда.
Дереккөз: ҚазТАГ