Фото: neftegaz.kzАстана. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 21 тамыздан бастап бөлшек саудадағы ЖЖМ шекті бағасы көтерілді, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінен.
«Бағасы мемлекетпен реттелетін мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасы ҚҚС есебімен келесі көлемде бекітілсін: дизель отыны – литрі 115 теңге; АИ-80 – литрі 89 теңге; АИ-92/93 – литрі 128 теңге», - делінген бейсенбіде ведомство сайтында жарияланған ҰЭМ Ерболат Досаевтың бұйрығының мәтінінде.
Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және министрліктің интернет-ресурсында жариялауға жатады.
Бұған дейін ЖЖМ бөлшек саудадағы бағасы келесідей болатын: АИ-92 - Т115/литр, дизель отыны - Т115/литр және АИ-80 - Т89/литр.
ЖЖМ аталмыш түрлерінің бөлшек саудадағы шекті бағалары мемлекетпен реттеледі.
Дереккөз: ҚазТАГ