Атырау, 25 қараша 21:48
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақтөбе» және «Астана» ФК ЕЛ 4-ші біліктілік раундының матчтарында жеңіліп қалды

1 605 просмотра

АСТАНА,  22 там –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның "Астана" және «Ақтөбе» футбол командалары  Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында "Вильярреалдан" 0:3 есебiмен және «Легиямен» 1:0 есебiмен жеңiлiс тапты.

Бiрiншi таймда ойынды қарқынды бастаған алаң иелерi испаниялық клубтың қақпасына гол сала алмады. Керiсiнше, есептi 33-минутта Кани ашып, қарсыластар алға шықты. Екiншi таймда Джованни Дос Сантос есептi еселей түстi. Ал матчтың 85-минутында Марио Гаспар үшiншi голдың авторы атанды.

Еуропа Лигасы аясында «Легиямен» кездескен «Ақтөбе» 1:0 есебiмен қарсыласына тiзе бүктi.

«Ақтөбе» қорғаушылары матч бойы өте сауатты қорғанып, өткiр шабуылдарға шығып отырды.

Ойынның 26-минутында Валерий Коробкин есеп ашатын жүз пайыздық мүмкiндiктi пайдалана алмады. Тиiмдi тұстан доп алған ол қақпадан биiк тептi. Екiншi таймның басында қазақстандық футболшылар өз қақпаларына доп енгiзiп алды.

Қорғаушылардың назарынан тыс қалған Дуду өз командасының мерейiн үстем еттi. Және бұл осы матчтағы жалғыз гол болды.

Дереккөз: newskaz.kz

22 тамыз 2014, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.