Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Прокуратура өкілдері келісім шарттарына сәйкес олар Қадырбаевтың жеті жылдан аспайтын мерзімге түрмеге қамалуына қол жеткізетінін көрсетті. Оның адвокаттары өздерінің қорғауындағы адамның жазасын бұдан да жеңілдетуіне қол жеткізуі мүмкін.
Тараптар арасындағы бұл уағдаластықты істі жүргізіп жатқан судья Дуглас Вудлок мақұлдауы тиіс.
Бостон соты Қадырбаевтың ісі бойынша үкімді 18 қарашада жариялайды деп мәлім етті Вудлок.
АҚШ билігі Бостон лаңкестік актісін жасауға айыпталған Джохар Царнаевты білетін Қадырбаев және Қазақстаннан тағы бір студент Азамат Тәжаяқов жарылыстан үш күн өткен соң оның приротехника салынған сөмкесін және нотбукті жойған деп санайды. Бұл лаңкестік актіні тергеу ісін едәуір қиындатты. Жас адамдар бұны Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерланның суреттерін жаңалықтардан көргеннен кейін жасады деп пайымдалуда.
2013 жылғы 15 сәуірде Бостонның орталығында өтіп жатқан дәстүрлі марафонның мәресіне жақын маңда арасына 12 секунд салынып, екі жарылыс жасалған, оның салдарынан үш адам қаза тапты, 20-сы жарақат алды. Американдық билік бұл жарылыстарды ұйымдастырушылар және орындаушылар ағайынды 26 жастағы Темірлан мен 21 жастағы Джохар Царнаевтар екеніне сенімді. Лаңкестіктен кейін бірнеше күн өткен соң Тамерлан полицейлермен атыс кезінде өлтірілді, ал Джохар оқтан жарақаттанып, тұтқындалды.
2013 жылғы шілдеде Джохар Царнаевтың ісі бойынша алғашқы сот тыңдаулары өтті. Ол өзіне тағылған айыптың 30 тармағының бірде-бірін мойындаған жоқ. Қаңтарда прокуратура оған өлім жазасы берілуін талап ететіні жөнінде хабарлады. Соттың басталуы 3 қарашаға белгіленіп отыр.
Дереккөз: newskaz.kz