Фото: newskaz.ruАстана. 21 тамыз. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Астанада балалар суициді «қауіпті» болып барады, деп санайды Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
«Әлбетте, балалар суициді трагедиялық құбылыс болып отыр. Біздің елордамыз көлемінде айтар болсам, бұл проблема қауіпті болып барады», - деді И.Тасмағамбетов бейсенбіде білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде.
Ол тек соңғы 3 жыл ішінде ғана елордада кәмелетке толмағандар арасында 89 суицидке ұмтылу фактісі, 14 суицид жағдайы тіркелгенін айтты.
Әкімнің пікірінше, «осындай жағдайдың орын алуында интернет соңғы рөл атқармайды».
«Коммуникацияның мықты құралы ретінде суицид туралы таралатын ақпараттар жаңа өлім фактілерін туындатып отыр. Оның үстіне жасөспірімдер еліктеуге өте құмар. Желі – неше түрлі ықпал етулердің, немесе жәй жауапсыз әрекеттердің тамаша ортасы», - деп атап өтті Астана әкімі.
Оның айтуынша, желілік ресурстарға жасалған талдау жас қолданушылар арасында суицидтің «қазіргі өзекті тақырып» екені көрсетті.
Ол түсіндіріп өткендей, оқушылар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі «суицидке алып келетін себептердің тағы бірі үлкендер тарапынан түсініспеушіліктің болуы», соның ішінде «оқытушылар тарапынан көрсетілген қысым». Сауалнама жүргізілген оқушылардың 35 % -ы осындай пікірде.
Әкімнің айтуынша, жағдайдың осындай болуы мектеп бағдарламасына «Психология» пәнінің енгізілуін қарастыру керектігін көтеріп отыр.
«Ол ата-аналарға және жалпы қоғамымызға балаларымызды суицидтен қорғауға және әлеуметтік және интеллектуалды тұрғыдан қорғалған балаларды тәрбиелеуге көмектесу керек», - деп түйіндеді ол сөзін.
И. Тасмағамбетов кезінде аталмыш пәннің мектеп бағдарламасынан алынып тасталып, оның орнын мектеп психологтарымен ауыстырғаныy, дегенмен оның әсерінің жоқтығын еске салды.
Астана әкімі ҚР білім және ғылым министрлігіне елорданың кейбір мектептерінде эксперименттік негізде «Психология» пәнін енгізіп көруді ұсынды.
Дереккөз: ҚазТАГ