Фото: diapazon.kzАқтөбеде қаланың қақ ортасында жергілікті команда мен «Легия» клубының жанкүйерлері төбелісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Оқиға түн жарымда орын алған. Куәгерлерінің айтуынша, поляк жанкүйерінің бірі дәмханада даяшыны балағаттаған көрінеді. Мұны естіген ақтөбелік жігіттер оларға жұдырығын ала жүгірген. Әбілқайыр хан даңғылының бойында поляк жанкүйерлерін қуалап сабапты.
Тек тәртіп сақшылары келіп оларды сабасына түсірген. Алыстан келген меймандарды да солар арашалап алды. Дегенмен, екі тараптан да шағым түспегендіктен, ішкі істер департаментінде бұл оқиға тіркелмепті.
Дереккөз: bnews.kz