Атырау, 25 қараша 21:56
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізде жасөспірімдер суицидінің көп болу себептері анықталды

3 002 просмотра

©psyhologia-online.com©psyhologia-online.comҚазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің негізгі себептері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР психологтары, психотерапевтері, наркологтары мен психиатрларының IV съезінен.

Қазақстандық психиатрлар ЮНИСЕФ балалар ұйымымен бірге екі жыл бойы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид себептерін анықтау жөнінде зерттеу жүргізді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2011 жылы Қазақстан балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағынан әлемде үшінші орында болды. Осыған байланысты қазақстандық психиатрлар ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, екі жылдан бері арнайы зерттеу жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа Қазақстанның бес қаласынан 1700-ге жуық жасөспірім тартылды.

"Біз Қазақстандағы суицидтің негізгі себептерін анықтадық. Біріншіден, ол - әлеуметтік себептер, яғни отбасындағы проблемалар. Содан соң мектептің мәселелері бар. Балалар, көп жағдайда, ортада өз орнын таба алмай жатады. Оларды ешкім түсінбейді", - дейді Қазақстанның бас психиатры Сағат Алтынбеков.

Зерттеуге қатысқан итальян мамандары Қазақстандағы ата-ананың өз баласына күніне бар болғаны 20-ақ минут бөлетінін анықтады. "20 минут. Не ол? Басқа уақытта компьютер, дала және тағысын тағы. Қызылорда қаласында мынандай жағдай болды. Бір қыз екі ай бойы ата-анасына өз проблемаларын, депрессияда жүргенін жеткізуге тырысты. Психологқа та барды. Алайда бәрі өз мәселелерін жүріп, оны тыңдамай қойды. Ақыр соңында сол қыз өз-өзіне қол салды", - деп атап көрсетті Алтынбеков.

Зерттеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Оның қорытындысы 2016 жылы жарияланады.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 тамыз 2014, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.