АСТАНА, 21 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда ЖЖМ-ның реттелетін түрлеріне бағалар 10-15 пайызға қымбаттауға тиіс, деп санайды «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қойбағаров.
"Біздің сарапшылық пікірімізге сәйкес, қазіргі таңда бензин бағасының көтерілуі тиістігін дәлелдейтін екі фактор бар. Біріншісі, елімізде жүргізілген ұлттық теңге бағамының өзгеруі. Екіншісі, дәл осы мұнай өніміне маусымдық баға өсімінің орын алуы. Яғни, біздің сарапшылық пікірімізше, бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы тиіс. Бұл әділ баға болар еді", - деді ол.
Дегенмен, ол бензин бағасының қашан көтерілетіндігін айта алмайтындығын жеткізді.
Ал «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ерболат Қожабаевтың сөзіне қарағанда, еліміздегі бензин бағасының қымбаттауын не болмаса арзандауын мемлекет реттейді.
«Үкіметтің шекті бағаны реттейтін қаулысы бар. Соған сәйкес мемлекеттік органдардың бағаны көтеруге, түсіруге құқығы бар», - деді Е.Қожабаев.
Оның сөзіне қарағанда, АИ-92 бензинінің отыз пайызын Қазақстан Ресейден алып отыр. Ал көрші елде бұл бензиннің бағасы біршама көтеріліп отыр. Өйткені, Анжерск қаласындағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, өндіріс ошағы өз қызметін жыл соңына дейін тоқтатқан.
Дереккөз: newskaz.kz