Атырау, 25 қараша 21:41
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Диас Қадырбаев Бостондағы терактінің тергеуіне кедергі келтіргенін мойындауға дайын

2 690 просмотра

Фото: time.kzФото: time.kzАлматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық студент Диас Қадырбаев Бостондағы терактінің тергеуіне кедергі келтіргенін мойындауға дайын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Қадырбаевтың мойындау түсініктемесін беретін сот отырысы бейсенбі, 21 тамызға белгіленген. Қадырбаевтың өз кінәсін тап қандай айыптаулар бойынша мойындайтынын оның адвокаты әзірге хабарлаудан бас тартты», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Хабарда аталғандай, шамасы, Д. Қадырбаев жұмсағырақ жазаға қол жеткізу үшін тергеумен келісімге келуге дайын. Мұндай жағдайда прокуратура мен адвокаттар арасындағы келісімді тағы аталмыш істі жүргізіп жатқан судья Дуглас Вудлок мақұлдауы тиіс болады.

Бұған дейін Д. Қадырбаев өзінің айыпсыздығын бірнеше мәрте мәлімдеген. Бостон сотындағы оның ісін қараудың басталуы 8 қыркүйекке белгіленді.

Еске сала кетейік, Массачусетс университетінің екі қазақстандық студентін – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырған ағайынды Царнаевтардың кішісі Джохарға көмек берді деген айыппен ұстаған болатын.

7 шілде күні Бостонда қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың үстінен сот процесі басталды. Прокурорлар А. Тәжаяқовқа 2013 жылдың 15 сәуірінде орын алған Бостондағы марафонда үш адамды өлтіріп, тағы 260-ына жарақат зардабын тигізді деп айыпталып жатқан Д. Царнаев ісінің тергеуіне тосқауыл болды деген айып тағылуда. Прокурорлар сондай-ақ А. Тәжаяқов пен Д. Қадырбаев Д. Царнаевтың бөлмесінен дәйектерді одан мәтіндік хабарлама алғаннан соң шығарып тастағанын мәлімдеді.

21 шілдеде алқа билер коллегиясы қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовты сөз байласу мен әділ сотқа тосқауыл болуда айыпты деп таныды. А. Тәжаяқовқа 25 жыл абақты мен $250 мың айыппұл қаупі төніп тұр. А. Тәжаяқовқа үкім 16 қазан күні 14.00-де жария етіледі.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 тамыз 2014, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.