Фото: NUR.KZБұл туралы «Алматы» телеарнасының «Куәгер» бағдарламасы хабар таратты.
Түрксіб ауданындағы Майборода көшесінің бойында орналасқан, көзге аса байқалмайтын қонақ үй иелері осы бір заңсыз әрекетті ұйымдастырып, оңай олжа іздеген сыңайлы. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексеру барысында жезөкшелердің ордасына жетекшілік еткен әйелді анықтады. Ол аяғы ауыр, үш баланың анасы болып шықты.
Жергілікті рейдті өткізу барысында тәртіп сақшылары ІІБ-на ақшалай түрде жыныстық қатынасқа түсетін 20-ға жуық бойжеткенді жеткізді. Олардың барлығы да Қазақстан азаматтары. Олардың жеке басы ІІД-нің барлық есептері бойынша тексерілді.
Дереккөз: bnews.kz