Фото: kapital.kzАСТАНА, 20 там – Қазақстан жаңалықтары АА. «Самұрық –Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «RIXOS» компаниясы Кендірлі курортының бірінші сатысын іске асыру бойынша ынтымақтасу туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.
«Жобаның бірінші сатысын іске асыру шеңберінде, 2 отель (4 және 5 жұлдызды), су паркі, аквапарк және коттедж салу жоспарланған. Бірлесіп жол картасы және қаржыландырудың құрылымдары мен сызбаларын әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр»,-делінген хабарламада.
Курорттың жобалық сыйымдылығы 40 мың төсек орындық 20-дан астам отель, 8 мың вилла мен коттеджді құрайды. Инвестицияның жалпы мөлшері – 3,3 млрд. доллар. Алдын-ала болжам бойынша 2020 жылға қарсы Кендірлі курорты жыл сайын 640 мың тиуристерді тарта алады. Экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру (70% шетелдік, 30% қазақстандық туристерді) елімізде 54 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, жыл сайынғы кіріс 800 млн. долларды құрайды.
БҰҰ қабылдаған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, кендірлі курорты «4-ұрпақтың» курорттарының жоғарғы стандарты бойынша жүзеге асырылып, тұрақты даму мәнерінде жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының акімдігі «Кендірлі» курортының инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кендірлі курорттық аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымдарының бірқатар жобаларының ТЭН мен ЖСҚ әзірленіп, «Кендірлі» халықаралық әуежайының ТЭН-і бекітілді.
Кендірлі демалыс аймағына туристер мен шетелдік және отандық инвесторлар тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Кендірлі аймағының туризмін дамытудың жүйелі жоспарын әзірледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысымен арқауына жүйелі жоспар енген Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Осы тұжырым шеңберінде «Кендірлі» курортына ұлттық туристік жоба мәртебесі берілді.
Дереккөз: newskaz.kz