©РИА НовостиПавлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт адам тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар жергілікті тұрғындарды қарулы жиһадқа үндеген.
"Павлодардың №2 соты төрт адамды тұтқындауға санкция берді. 1994, 1989, 1980 және 1968 жылы туған ер адамдар топ болып жасаған қылмысы үшін "Терроризм мен экстремизмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бабы бойынша айыпталып отыр", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Ер адамдар екі ай мерзімге тұтқындалды. Олардың бәрі - Павлодар облысының тұрғындары. Өз үндеулерінде олар дәстүрлі дүниетаным мен демократиялық қоғамның және зайырлы мемлекеттің өмір салты, соның ішінде, Қазақстанның мұсылман халқының мұндай өмірі мұсылман мемлекеті құндылықтарымен сәйкес келмейтінін айтқан.
"Олар Павлодарда жалға алған пәтерлерінде және қоғамдық орындарда, соның ішінде, мешіт маңындағы көшелерде "Жамағат пен Айдархан" қоғамы мүшелерінің жиналысын өткізген. Қарулы жиһадқа шақырған", - дейді сот өкілдері.
Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Павлодарда Сириядағы соғысқа қатысқан Екібастұздың төрт тұрғыны сотталған еді. 23 жастағы Азамат Қазбаев пен Әбдісалям Мұрзубаевтарға мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Тағы екі екібастұздық - 29 жастағы Берік Жақыпов пен 30 жастағы Борис Мұрзубаевтар екі жылға шартты түрде сотталды. Жігіттер ауыр қылмыстар жасағаны үшін және "Терроризмді насихаттау" бабы бойынша айыпталды.
Дереккөз: tengrinews.kz