Атырау, 25 қараша 21:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық нарық америкалық тікұшақ өндірушілерді қызықтырды

1 744 просмотра

Фото: vpk.nameФото: vpk.nameАстана. 19 тамыз. ҚазТАГ - Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров тікұшақ өндірушілермен және шағын авиация саласында жұмыс істейтін америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі (СІМ).

«Аризонаға сапары барысында елші Қ.Омаров «Boeing», «CAE-Oxford» және «Intel» секілді компаниялар өкілдерімен кездесті. «Boeing»-тың тікұшақ зауытын аралау барысында тараптар технологиялық һәм инвестициялық әріптестік мәселелерін сөз етті. Компания өкілдері соңғы уақыттары шағын авиацияға айтарлықтай көңіл бөліп отырған ҚР нарығына қызығушылық танытатын жеткізді», - делінген салалық ведомсвтоның сейсенбіде таратқан ақпаратында.

Шағын авиацияны дамыту жайы (Қазақстанда - ҚазТАГ) өз кезегінде салаға қажетті отандық мамандар мен ұшқыштарды талап етері сөзсіз.

«Аталған тақырып төңірегіндегі талқылаулар «CAE-Oxford» ұшқыштар даярлайтын жазғы мектебінде жалғасын тапты. Онда әлемнің әр түкпірінен келген кадеттер білім алуда. Оқу орнының жетекшілігімен болған жүздесуде Қ.Омаров отандық компанияларымызбен арада қалыптасқан стратегиялық әріптестік және болашақ жобалар төңірегінде пікір алмасты», - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, хабарланғандай, штаттың іскертоп өкілдерімен (Аризона - ҚазТАГ) сондай-ақ Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне қатысу мүмкіндіктері және ұлттық экономиканы тұрақты әрі әртарапты дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қарастырылды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 тамыз 2014, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.