Атырау, 25 қараша 21:53
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Тенгри мен Бөрі" EXPO-2017 тұмарлары арасынан топ жарды

1 712 просмотра

EXPO-2017 тұмары болуға үміткер жоба. ©expo2017mascot.kzEXPO-2017 тұмары болуға үміткер жоба. ©expo2017mascot.kzEXPO-2017 көрмесі тұмарының үздік үлгісі таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар екі апта бойы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік тұмарына дауыс берді. Дауыс беру www.expo2017mascot.kz сайтында жүргізілді. 18 тамыз күні түнде дауыс беру ресми түрде аяқталды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, "Тенгри мен Бөрі" тұмары бірінші орынға (3705 дауыс), "Күнсұлу, Бөбек және Ұлан" екінші (3198), "Күнсұлу, Дауылхан және Толқынай" тұмары үшінші орынға (3019) шықты, одан кейін "Энерджик" (2713), "Данара" (2680), "Жарық"(2564) және "Азат, Бекей және Дәрмен" тұмарлары (2227) тұр.

Дауыс беруге жіберілген жеті үміткерді комиссия таңдап алды. "Соның ішінде түрлі жарнама агенттіктері мен дизайнерлер әзірлеген тұмарлар бар", - дейді "Астана ЭКСПО-2017" АҚ маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Қожақова.

Енді комиссия топ жарған үш тұмардың ішінен үздік дизайн-жобаны таңдайды. Конкурс жеңімпазы көрме логотиптерінің барлық корпоративтік стилін әзірлеуге шарт бекітеді және жобаны жалғастыратын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстарды іріктеу барысында басты екі жағдайға назар аударылды: тұмардың "Болашақ энергиясы" тақырыбына сай болуы және Қазақстанның ұлттық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету.

Еске салайық, конкурс өткен мамыр айында басталды. Осы уақыт ішінде конкурс комиссиясының қарауына Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания, Босния және Герцеговина, Бельгия, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия және басқа да елдерден 80-нен астам жұмыс жіберілді.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 тамыз 2014, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.