© ИА "Новости - Казахстан", Айсулу АбдрахмановаАСТАНА, 19 там –Қазақстан жаңалықтары АА. Апелляциялық сот Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментiнiң бұрынғы басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі сот залынан.
2014 жылғы шілдеде Астана қаласы Алматы ауданының нөмірі екінші соты Бақтыбаев Максұт Бақытжанұлы кінәлі деп танып, ҚК-тің 307-бабы, 2-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кескен. ҚК-тің 63-бабына сай, белгіленген жаза 2 жылдық сынақ мерзімімен шартты деп танылды.
"Апелляциялық инстанция соты Астанадағы Есіл аудандық №2 cотының Бақтыбаевқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылып, прокурордың аппеляциялық шағымы қабыл алынбасын, деп қаулы етті", - деді Астана қалалық сотының апелляциялық алқасының судьясы Алма Есімова.
Дереккөз: newskaz.kz