Коллаж: prostostroy.comАлматы. 18 тамыз. ҚырТАГ – Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын экспорттай бастады, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Бүгінде міне Қырғызстанға Қазақстаннан электр энергиясының кері ағыны бет алды, барлық көлем толықтай қайтарылатын болады. Оның үстіне, Қазақстан бізге қосымша 500 млн кВтс береді. Негізгі көлем 2015 жылдың ақпан-сәуірінде келіп түседі», - деді Қырғыз Республикасы энергетика және өнеркәсіп министрі Осмонбек Артықбаев дүйсенбі журналистерге.
«Жақында ғана Қазақстанға Қырғызстанның электроэнергия экспорты тоқтады. Олар (қазақстандық тарап – ҚырТАГ) толық етіп 128 млн кВтс алды», - деп толықтырды ол.
Министрдің айтуынша, Қазақстанға қырғыз жағы 500 млн кВтс энергияны электроэнергия артық кезде жыл бойынша бөліп орнын толтыратын болады.
Дереккөз: ҚазТАГ