Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан 250 бастан астам малды заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жетісай шекара отрядының (Оңтүстік Қазақстан облысы) шекарашылары Қазақстаннан көршілес Өзбекстанға 200-дей бас малды заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті. Тексере келе, инженерлік құрылғылардың бұзылғандығы анықталды», - делінген ақпаратта.
Мал айдап өтпекші болғандар оқиға болған жерден қашып құтылды, оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, Қарасай шекара отрядына (Алматы облысы) қарасты учаскеде 16 жылқы жайылып жүргендігі анықталды. Тексере келе, шекара қоршауының бұзылғандығы анықталды. Жылқыларды көрші ел аумағынан бері қарай, жайылым үшін айдап өткендігі белгілі болды.
Осы отряд шекарашылары қырғыз жеріне 40 бас қойды айдап өтпек болған еліміздің азаматын ұстады.
Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: bnews.kz