Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 18 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Туризм индустриясы комитеті Қазақстанның ИДМ жанындағы туризм департаментіне өзгерді, делінген ведомствоның хабарламасында.
"Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру мақсатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қысқартылады. Оның орнына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм департаменті құрылады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен", - делінген хабарламада.
Үкімет қаулысының сәйкесінше жобасы бюджеттік жоспарлау саласындағы өкілетті органдарға келісуге жіберілген.
2014 жылдың 6 тамызында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы Н.Назарбаев министрліктердің бөлімшелері жоқ комитеттерін оңтайландырып, комитет құру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
Туризм индустрия комитеті басшылығы қайта ұйымдастыру кезеңінде өз жұмыстарын одан ары жалғастыруда.
Комитет төрағасы Марат Иғалиевтің атап өтуінше, елдегі туризмді дамыту бойынша барлық міндеттер мен жоспарлар одан ары жалғасатын болады.
Дереккөз: newskaz.kz