© ҚР дзюдо федерациясыАСТАНА, 18 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды дзюдошы Бауыржан Жауынтаев салды, деп хабарлайды республиканың Дзюдо федерациясы.
"55 келіде ел намысын қорғаған жүрген қазақстандық балуанң түркиялық дзюдошы Огузан Карачаны жеңіп, жоғары рейтингі бойынша ақтық сынға жолдама алған. Финалдық бәсекеде ол әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен белдесіп, басым түсті", - делінген хабарламада.
Дереккөз: newskaz.kz