Атырау, 25 қараша 20:16
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарапшы Қазақстандағы жанар-жағармай тапшылығының себептерін айтты

1 728 просмотра

©Ярослав Радловский©Ярослав РадловскийҚазақстандағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отын тапшылығының себептері айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жанар-жағармай тапшылығы орын алғандығы, ал көптеген бекеттерде АИ-92 маркасындағы бензиннің мүлде жоқтығы хабарланған.

Мұнай саласындағы тәуелсіз сарапшы Сергей Смирнов бұл мәліметті растады. Ол Қазақстандағы АИ-92 жанар-жағармайының тапшылығы нақты қандай да бір шаралар қабылданғанға дейін жалғаса беретіндігін айтады. Сондай-ақ ол  жиын-терім науқаны болып жатқандықтан бұл тапшылыққа дизель отынының да ілініп отырғандығын жеткізді. Сарапшы Қазақстанның отын қауымдастығы еліміздің жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин жеткіліксіз екендігін, бірыңғай тасымалшы белгіленген көлемді уақытында игере алмай жатқандығын 1 тамызда-ақ мәлімдегенін баса айтты. Алайда бес күннен кейін "ҚазМұнайГаз" тасымалмен айналысып жатқандығын, бензин тапшылығы жоқтығын, оның болмайтындығын мәлімдеген.

"Тамыз айының басында Қазақстандағы отын қауымдастығы отын тапшылығы мәселесі туындап келе жатқандығынан халықты ескерткен. Олар "ҚазМұнайГаз Өнімдері"  ЖШС бірыңғай ұлттық операторы Қазақстанды отынмен жеткілікті қамтамасыз ете алмай отыр деген еді. Нақтырақ айтқанда, олардың жоспарда белгіленген мерзімді игере алмай жатқандығы айтылған. Тура осындай жағдай былтыр да орын алған. 2013 жылдың қарашасында бірыңғай тасымалшы туралы қаулы өз күшін жойды, сөйтіп нарық өнімге қарық болған. Биыл да олар өткендегіні қайталап отыр, тағы да қауымдастық ескерту жасауда, тағы да бірыңғай операторды белгілеуде қателікке жол беріліп отыр. (...) Бәсекелестік туралы заң бұзылды. (...) Өткен жылы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік талаптар бұзылғанын растаған, сөйтіп бірыңғай операторды белгілеу туралы қаулының күші жойылған" - дейді Смирнов.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы бензин тапшылығы деңгейін күрт қысқартудың бірден-бір жолы жанар-жағармайдың көтерме бағасын реттеу болып табылады. Отын қауымдастығының мәліметтері бойынша, жанар-жағармайдың көтерме бағасы күрт артқан. "Шілденің соңында Қазақстанның Ресеймен шектескен аумақтарына дизель отынының бір литрінің көтерме бағасы 125 теңгеден, ал АИ-92 130 теңгеден босатылған. Ал бізде бөлшек сауда реттеуге жатады, мұндағы баға - 115 теңге. Әрине, 130 теңгеге сатып алып, оны 115 теңгеге ешкім сатпайды ғой. Біздегі жанар-жағармайдың 40 пайызы Ресейден келеді. Бөлшек сауда шығынға батып, сауда жасамайды. Сондықтан Қазақстандағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі тапшылық осындай себептерден орын алған деп ойлаймын" - дейді бізге сұхбат беруші.

Сондай-ақ сарапшы көтерме бағаны құру процесі түсініксіз екендігін айтады. "(...) Көтерме бағаны қадағалауда ұстау қажет. Ең бастысы - оның қалай құрылатынын анықтап алу керек. Көтермелеп тасымалдаушылардың қандай пайда көретінін әлі күнге ешкім білмейді. Өйткені оларды ешкім реттемейді" дейді Смирнов. Ол қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттарды шикі мұнаймен толтыру мәселесін шешу керектігін, яғни зауыттарға шикі мұнайдың келетін "өңделме" сызбасынан бас тарту қажеттігін айтады. "Зауыт мұнайды өңдегені үшін ғана ақша алады. Мұнай өнімдері иесі шикізатты тасымалдаушы боп табылады" дейді ол

Дереккөз: tengrinews.kz

15 тамыз 2014, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.