Фото: mail.ruАСТАНА, 15 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Мәскеуге аттанды, деп хабарлайды республика Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сапар аясында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссияның, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, «Ростехнологии» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесулер жоспарланған.
Келіссөздерде әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, ҚР мен РФ қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту, екі ел қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады.
Сапар барысында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы екінші «ОБОРОНОЭКСПО-2014» қару-жарақ, технологиялар және инновациялар көрмесіне барады.
Соныман қатар, С. Ахметовтің «Танк биатлоны-2014» халықаралық жарысының финалдық бөлігіне қатысуы жоспарланған.
Дереккөз: newskaz.kz